389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда әуе шабуылынан 4 адам мерт болды

  • 216
Сирияда әуе шабуылынан 4 адам мерт болды

Сириядағы әуе шабуылынан 4 адам мерт болып, 20-дан астам тұрғын жарақат алды.

Олардың арасында балалар да бар. Жергілікті билік зардап шеккендердің саны әлі де өсуі мүмкін деп отыр. Қанды қырғын Дамаск қаласының маңында болды. Әскерилердің хабарлауынша, шабуылды Израильдің әскери әуе күштері ұйымдастырған. Ал зымырандар Ливан аумағынан ұшырылды. Израиль мен Сирия шекарасында да бірнеше мәрте жарылыс болды.

Айта кетейік, Израиль жасақтары Иран әскерінің көзін жою үшін бұл жерді алғаш рет шабуылдап жатқан жоқ. Өкінішке қарай, жауласқан тараптардың ұрысынан бейбіт тұрғындар зардап шегуде.

Хабар 24 телеарнасы