389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Суданда ереуілден 7 адам қаза тапты

  • 175
Суданда ереуілден 7 адам қаза тапты

Суданда әскерилер мен полицейлер бейбіт наразылық акцияларын күшпен тоқтатып жатыр.

Соңғы мәліметке сай, қазір одан қаза тапқандар саны 7-ге жетті. Ал зардап шеккендер 200-ге жуық. Тәртіп сақшыларының дерегінше, шерушілерді тарату үшін полицейлер тек көз жасаурататын газ ғана емес, сондай-ақ қару да қолданған.

Айта кетсек, өткен демалыс күндері ел астанасы Хартумда ондаған мың адам көшеге шықты. Олар азаматтық үкімет құруды талап еткен болатын.

Хабар 24 телеарнасы