388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ пен Вьетнам еркін сауда жүргізу бойынша келісімге келді

  • 229
  • UPD: 14:14, 01.07.2019
Еуроодақ пен Вьетнам еркін сауда жүргізу бойынша келісімге келді

Құжатқа сәйкес, ол баж салығын 99 процентке азайтуға мүмкіндік береді.

Ханойда өткен кездесуде тарихи құжатқа сауда жөніндегі еурокомиссар Сесилия Мальмстрем мен Вьетнамның өнеркәсіп пен сауда министрі Чан Туан Ан қол қойды. Дей тұрғанмен Еуропалық парламент әзірге оны ратификациялаған жоқ. Себебі кейбір депутаттар Вьетнамдағы адам құқығына қатысты мәселеге алаңдаушылық білдіріп отыр.

Жалпы, тараптар жасалған келісімнің екі жаққа да ұтымды екенін айтады. Атап айтқанда, келісім еуропалық компанияларға Вьетнамның нарығына жол ашады. Ресми деректерге сай, 2018 жылы Вьетнам Еуроодаққа 42,5 миллиард долларға тауар экспорттаған. Ал осы аймақтан жасалған импорт көлемі 13,8 миллиардты құрады.

Хабар 24 телеарнасы