389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


SpaceX компаниясының 3 жерсерігі жоғалып кетті

  • 230
SpaceX компаниясының 3 жерсерігі жоғалып кетті

Америкалық кәсіпкер Илон Маск компаниясының жақында ғарышқа аттандырған 60 жерсерігінің үшеуімен байланыс жоғалды.

Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. Бірлестік Жерге интернет таратуға арналған апараттарға не болғаны белгісіз екенін айтады.

Еске сала кетейік, SpaceX компаниясы бұл 60 жерсерігін мамырдың 24-і күні ұшырған болатын. Осыдан кейін сарапшылар Илон Маск бірлестігінің бағдарламасынан ғарышта қоқыс көбейіп, астрономиялық бақылауды қиындататынын айтқан. Ал Маск алдағы жылдары космосқа 12 мың жерсерігін ұшыруды жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы