389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Финляндия Еуроодақ кеңесіндегі төрағалығын бастады

  • 198
Финляндия Еуроодақ кеңесіндегі төрағалығын бастады

Енді ол жарты жыл бойы одақ кеңесі төрағасының өкілеттігін орындайды.

Яғни желтоқсан айына дейін Финляндия Брюссель мен Люксембургте өтетін Еурокеңес отырыстарында, сондай-ақ Хельсинкидегі Еуроодақ елдері министрлерінің бейресми кездесулерінде басшылық етеді. Жалпы, фин тарапы өз елінде қоршаған орта, қорғаныс және ішкі істер министрлерінің қатысуымен өтетін 6 іс-шараны өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, Финляндия бұл қызметке Румыниядан кейін кірісіп отыр. Ал келесі жылдың басында төрағалықтың жұмысын Хорватия елі қамтамасыз етеді. Финляндия премьер-министрі Антти Ринненің айтуынша, елдің басты мақсаты климатты қорғауға қатысты нақты шешімдер қабылдау болып табылады. Бұдан бөлек, Еуроодақ құндылықтарын нығайту, заңның үстемдік құруы, одақтың бәсекеге қабілеттілігі, әлеуметтік саланы дамыту мен еуропалықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету секілді мақсаттар да бар.

Хабар 24 телеарнасы