384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еурокомиссия президентін сайлау барысы нәтиже бермеді

  • 94
  • UPD: 23:32, 01.07.2019
Еурокомиссия президентін сайлау барысы нәтиже бермеді

Еуроодақта жоғары лауазымдарды тағайындау бойынша саммит әзірше нәтиже берген жоқ.

Бұл басқосу ұзақтығы жөнінен рекорд орнатып, 20 сағаттан аса уақытқа жалғасты. Ақыры Еуропалық Кеңес төрағасы Дональд Туск мәжілісті доғарып, оны ертеңге қалдырды. Оған дейін одаққа мүше елдердің басшыларымен кеңеспек. Дональд Туск Еурокомиссия басшысының орнына голландиялық Франс Тиммермансты қабылдауға мүдделі. Бұған Польша, Венгрия, Чехия, Словакия мен Италия қарсы. Өйткені Тиммерманстың мигранттарға қатысты саясатымен келіспейді. Еуропалық Кеңес төрағасы қызметіне болгариялық Кристалина Георгиеваның, ал Еуроодақтың сыртқы істер бойынша Жоғарғы өкілі қызметіне бельгиялық Шарль Мишельдің кандидатуралары қарастырылып отыр. Еуропарламент жетекшілігіне германиялық Манфред Веберді сайлау ұсынылды. Алайда әзірше мұның бәрі болжам. Нақты қорытынды алдағы екі күнде белгілі болмақ.

Ангела Меркель, Германия Канцлері: 

- Негізгі үміткерлер ретінде айтылған тұлғалар өздеріне жауапкершілік алғанын қалаймыз. Бәрін үйлестіруге уақыт қажет. Ұсынысымыз Еуропарламентте көпшіліктің қолдауын табуы тиіс екенін ұмытпауымыз керек. 3 шілдеде Еуропарламент басшысы сайланғанға дейін шешім қабылдағымыз келеді. Бұл қиын болмақ, алайда ниетіміз болса, қолымыздан келеді деп ойлаймын.

Эммануэль Макрон, Франция Президенті:

- Елдер арасындағы саяси алауыздықтың салдарынан келіссөздер нәтиже берген жоқ. Тағайындау ісі нашар дайындалды. Бірқатар саясаткерлердің менмендігі де кері әсерін тигізді. Бұл басшылар өз саяси мүдделерінің арбауында қалған. Осы мәселені ертеңге дейін шешуге тиіспіз, табысқа жететінімізге сенімдімін.

Хабар 24 телеарнасы