383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда дәрі-дәрмекті медсақтандыру полисі арқылы сатып алуға болады

  • 92
Жапонияда дәрі-дәрмекті медсақтандыру полисі арқылы сатып алуға болады

Жапонияда дәрі-дәрмекті медициналық сақтандыру полисі арқылы сатып алуға болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жағдайда, бағаның 70% мемлекет өтейді. Бірақ алдымен ауруханада қаралып, дәрігердің нұсқауы қажет. Ал кейбір дәрілерді дүкендерде сатып алуға болады, бірақ онда оның толық құнын төлеуге тура келеді. Өйткені бұл жағдайда медициналық сақтандыру полисінің күші жойылады. Сондықтан жапондықтар басы ауырып, балтыры сыздаған сәтте бірден дәрігерге қаралады.

Ивахо Кикучи, аурухана директоры:

- Бұл аурухана үшін де, науқастар үшін де ыңғайлы. Себебі бұл жүйе азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған. Ауруханада көп мөлшерде дәрі-дәрмек ұстаудың қажеті жоқ, оларды сақтау үшін арнайы жағдай жасау керек. Мұнымен дәріханалар айналысады.

Хабар 24 телеарнасы