384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияның солтүстігінде әскери тікұшақ апатқа ұшырады

  • 111
  • UPD: 09:42, 02.07.2019
Германияның солтүстігінде әскери тікұшақ апатқа ұшырады Фото: Philipp Schulze/dpa/Global Look Press

Салдарынан ұшқыш әйел қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қорғаныс министрінің мәлімдеуінше, әзірге апат салдары белгісіз. Әскерилер оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр. Ал екінші ұшқыш аман қалып, ауруханаға жеткізілді. Министрдің айтуынша, екі ұшқыш та тәжірибелі болған. Олар барлық дайындықтан өткен. Соған қарамастан, тікұшақ оқу-жаттығу базасынан небәрі 30 шақырым жерде құлады.

Хабар 24 телеарнасы