388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Су тасқыны Мумбаи тұрғындарын әбігерге салды

  • 209
  • UPD: 12:03, 02.07.2019
Су тасқыны Мумбаи тұрғындарын әбігерге салды

Үндістанның Мумбаи қаласындағы су тасқыны тұрғындарды әбден әбігерге салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғат апатынан ең ірі қаржы орталығы болып саналатын шаһарда теміржол қозғалысы тежелді, топан су астында қалған тас жолдарда көліктер ұзын-сонар кептелісте тұр. Әуежайдағы ұшақтар да кесте бойынша сапарға шыға  алмай жатыр. Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Айтуынша, аймақта жауан-шашын аптаның ортасына дейін жауады. Абырой болғанда, апаттан адам шығыны жайлы ақпарат түскен жоқ. Естеріңізге салайық, Мумбаида 2005 жылы болған су тасқыны 500-ге жуық адамның өмірін қиған.

Шейх Мохаммед, Мумбаи қ. тұрғыны:

Жолдардың барлығын су басты. Комуналдық компаниялардың жұмысы мүлдем көрінбейді. Балаларымыз болса, мектепке жете алмай әлек.

 

Хабар 24 телеарнасы