384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Египетте 40 ғасырлық тарихы бар пирамида туристерге есігін айқара ашты

  • 118
  • UPD: 12:21, 02.07.2019
Египетте 40 ғасырлық тарихы бар пирамида туристерге есігін айқара ашты

Ежелгі пирамида біздің заманымызға дейінгі 1880 жылдары билік еткен перғауынға тиесілі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көне нысан Каирдің оңтүстік-батысынан 100 шақырым жерде орналасқан. Ол әйгілі Хеопс пирамидасынан үш есе төмен, және шамамен 7 ғасырдан кейін салынған. Ежелгі құрылымды 1889 жылы британдық археолог Уильям Петри тапқан болатын. Ол тиісті зерттеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін, ішіндегі асыл қазынаны алып шығып, пирамиданы біржола жауып тастаған еді. Содан бері оны ешкім елеп, ескермеді. Бірнеше жыл бұрын Египеттегі туризмді дамыту бағдарламасы бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Хабар 24 телеарнасы