384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгте ереуілдеушілер парламенттің ішіне кірді

  • 122
  • UPD: 14:16, 02.07.2019
Гонконгте ереуілдеушілер парламенттің ішіне кірді

Гонконг халқы әлі де ереуілдетіп жатыр.

Наразылар парламент ғимаратының ішіне кіріп кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24». Ашуға бой бергендер қолдарына шоқпар алып жан-жағын жайпай бастады

Гонконг тұрғындары «Экстрадиция» туралы жаңа заң жобасында енгізілетін өзгертулерге қарсылық білдіріп жатыр. Жиналғандарды тарату үшін тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ қолданған.

Естеріңізге салайық, бұл наразылық акция маусым айының ортасында басталды. Ал жуырда Ұлыбританияның бұрынғы отары Қытайға қайтарылғанына 22 жыл толуына орай халық қайта алаңға шықты. Наразылық акциядан зардап шеккендер бар. Алайда олардың нақты саны әзірге белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы