389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемнің әр түкпірінен жиналған 635 атлет Олимп шыңына жүгіріп шықты

  • 271
  • UPD: 14:21, 02.07.2019
Әлемнің әр түкпірінен жиналған 635 атлет Олимп шыңына жүгіріп шықты

Олимп шыңын бағындыру! Әлемнің әр түкпірінен жиналған 635 атлет ежелгі гректердің бағдарымен киелі тауға жүгіріп шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осымен 16-шы рет ұйымдастырылып отырған жарыс жолының қашықтығы 71 шақырымды құрады. Доданың қорытындысы бойынша ерлер арасында испаниялық Альберт Эрреро топ жарды. Оның көрсеткіші – 8 сағат 44 минут және 13 секунд. Ал әйелдер арасында ұлыбританиялық Джо Мик жеңіс тұғырынан көрінді. Ол аталған қашықтықты 12 сағат 4 минут 24 секундта жүгіріп өтті.

Айта кетсек, Олимп шыңы аңыз бойынша Зевс құдайдың мекені болған. Ал бүгінде ол әлемнің ең көне әрі айтулы жарыс жолдарының тізіміне енгізілген.

Хабар 24 телеарнасы