389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мумбаида су тасқынынан 30-ға жуық адам мерт болды

  • 242
  • UPD: 15:12, 02.07.2019
Мумбаида су тасқынынан 30-ға жуық адам мерт болды GISMETEO

Соңғы ақпарат бойынша Үндістанның Мумбай қаласындағы су тасқынынан 30-ға жуық адам мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік олардың саны әлі де өсуі мүмкін деп отыр. Аймақта нөсер өткен аптаның соңында басталған болатын. Осы уақыт аралығында жауын-шашын мөлшері рекордтық көрсеткішке жетті. Табиғат апатынан ең ірі қаржы орталығы болып саналатын шаһарда теміржол қозғалысы тежелді, топан су астында қалған тас жолдарда көліктер ұзын-сонар кептелісте тұр. Әуежайдағы ұшақтар да кесте бойынша сапарға шыға алмай жатыр. Мектептер мен өзге де ғимараттар жұмысын тоқтатты. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді. Естеріңізге салайық, Мумбайда 2005 жылы болған су тасқыны 500-ге жуық адамның өмірін қиған.

Хабар 24 телеарнасы