389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде суасты зерттеу аппаратына түскен 14 теңізші қаза тапты

  • 281
  • UPD: 23:48, 02.07.2019
Ресейде суасты зерттеу аппаратына түскен 14 теңізші қаза тапты

Ресейлік ғылыми-зерттеу суасты аппаратында өрт шығып, 14 сүңгуір теңізші қаза тапты.

РФ Қорғаныс министрлігінің өкілдері қайғылы оқиғаның 1 шілдеде болғанын хабарлады.

Аппарат Ресей Әскери-теңіз флотының мүддесі бойынша Әлем мұхитының түбін және түп кеңістігін зерттеумен айналысқан. Төтенше жағдай батиметрикалық өлшем жасау кезінде болған. Теңізшілер өрт түтінінен уланып қалған.

«Команданың жанкешті әрекеттерінің арқасында өрт ошағы жойылды. Суасты аппараты Солтүстік теңіз базасында орналасқан» делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы