389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада аптап ыстықта қар аралас бұршақ жауды

  • 444
  • UPD: 07:35, 03.07.2019
Мексикада аптап ыстықта қар аралас бұршақ жауды Seldon.News

Мексиканың Гвадалахара қаласының маңында қар аралас бұршақ жауды.

Қардың қалыңдығы жарты метрге дейін жеткен. Ең қызығы, ауа температурасы 30 градус Цельсийден жоғары болып тұр. Жергілікті биліктің айтуынша, табиғаттың тосын мінезінен аталған өңір зардап шегіп отыр. Автокөліктер сынып, ағаштар құлады. 200-ге жуық үйге зақым келтірілген. Әзірге зардап шеккен адамдар жайлы ақпар жоқ. 

Хабар 24 телеарнасы