384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде тереңсу аппаратында болған өрттен 14 теңізші қаза тапты

  • 125
  • UPD: 08:23, 03.07.2019
Ресейде тереңсу аппаратында болған өрттен 14 теңізші қаза тапты Коммерсант

Ресейде ғылыми-зерттеу тереңсу аппаратында өрт шығып, 14 теңізші-сүңгуір қаза тапты.

Мерт болғандардың барлығы офицерлер. Апарат көздерінің хабарлауынша, команданың мүшелері батиметрикалық өлшемдер жүргізбек болған уақытта кемеде өрт шыққан. Мерт болғандардың барлығы уланып қалған. Тілсіз жауды команда мүшелері өздері сөндіре алған.

Қайғылы оқиға 1 шілдеде болды. Аппарат Ресей Әскери-теңіз флотының мүддесімен әлем мұхитының түбін зерттеумен айналысқан. Қазір кеме Мурманск облысының Североморск базасына жеткізілді. Оқиғаның нақты себебін анықтау үшін тергеу ісі басталды. Оны ресейлік әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы Николай Евеменов бақылауға алды.

Хабар 24 телеарнасы