384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде су тасқынынан 18 адам қаза тапты

  • 179
Ресейде су тасқынынан 18 адам қаза тапты КОМСОМОЛЬСКАЯ ПРАВДА

Ресейдің Иркутск облысында су тасқынынан қаза тапқандар саны 18-ге жетті.

Тағы 13 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Ал мыңнан астам адам табиғат апатынан кейін дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Иркутск облысының губернаторы Сергей Левченконың мәлімдеуінше, қазір Тулун мен Иркут арасындағы байланыс қайта қалпына келтірілген. Сондай-ақ құтқару операциясына Ресей армиясы жұмылдырылып отыр.

Айта кетсек, 41 мың тұрғыны бар шаһарда нөсер жаңбырдан соң өзен арнасынан асып, елді мекенді су басқан еді. Салдарынан аймақта көпірлер құлап, электр желісі үзілді. 9 мыңнан аса көпқабатты тұрғын үй су астында қалды.

Хабар 24 телеарнасы