384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильде эфиоп қауымы полицияның бассыздығына қарсы ереуілге шықты

  • 182
  • UPD: 23:45, 03.07.2019

Израильде эфиоп қауымы полицияның бассыздығына қарсы ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар күре жолдарды бөгеп, көшелерде ойран салып жатыр.

Ел бойынша өтіп жатқан шеруге тәртіп сақшысының 18 жастағы азаматты өлтіруі себеп болды. Оқиға эфиоп жастарының саябақтағы төбелесінен басталды. Оларды ажыратпақ болған полицейге тас лақтырылып, тәртіп сақшысы тапаншасын шығарады. Жерге атылған оқ жастардың біріне серпіп тиіп, оны мерт қылды. Іле-шала эфиоптар наразылық шеруіне шығып, көлік жолдарын бөгеп тастады.

Тари Мануко, ереуілші:

Шыдамымыз бітті, жарымес азамат болудан шаршадық. Біздің басқалардан еш айырмашылығымыз жоқ.

Эфиоптарға жаны ашыған ел тұрғындары да наразылық шеруіне қосылды. Ызаға булыққан топ қозғалысты тежеп, жүргізушілермен қақтығысты.

Мири Хен, ереуілші:

Адам құқығынан маңызды дүние жоқ. Егер демократиялық елде тұрып жатсақ, осы құқықтарды сақтау - ең маңызды міндет. Ал бұл адамдардың құқықтарын бұзған, сол себептен мен осында шықтым.

Адам құқығының бұзылғанын сот шешеді. Бұл іс бойынша тергеу әлі аяқталмады. Ал ереуілшілердің көлік жүргізушілер мен жолаушылардың құқықтарына алаңдайтын түрі жоқ. Басында бейбіт басталған наразылық шеруі жаппай тәртіпсіздікке ұласып кетті. Қоршауды өз күшімен алып тастауға тырысқан көлік жүргізушілеріне наразы топ сес көрсетті. Ереуілшілер полицейлерді арандату үшін түрлі әрекет жасауда. Ал тәртіп сақшылары сабырлық танытып, жағдайды ушықтырмауға тырысып келеді.

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы