388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сан-Брунода сауда орталығындағы атыстан 4 адам зардап шекті

  • 249
  • UPD: 22:33, 03.07.2019
Сан-Брунода сауда орталығындағы атыстан 4 адам зардап шекті

АҚШ-та Сан-Брунодағы сауда орталығында әлдекімдер оқ атып, 4 адам жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың екеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Қалған екеуі дәрігерлердің қарауынан соң ем қабылдаудан бас тартты. Күдіктілер полицейлер келгенше із суытып үлгерген. Тәртіп сақшылары халықты эвакуациялап, ғимарат пен жақын орналасқан автотұрақтарды тінтуге кірісті.

Хабар 24 телеарнасы