384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иркутск облысындағы су тасқынынан 20 адам көз жұмды

  • 198
  • UPD: 22:40, 03.07.2019
Иркутск облысындағы су тасқынынан 20 адам көз жұмды

Ресейдің Иркутск облысында су тасып, салдарынан 20 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 13 адам із-түзсіз жоғалған. Табиғат апатынан 1500-ге жуық адам зардап шекті. Өткен аптада басталған нөсер жергілікті тұрғындарды әбігерге салып жатыр. Толассыз жауын-шашын өңірдегі бес бірдей өзен суының тасуына әкеліп соқты. Аймақтан 2500-дей адам қауіпсіз жерге көшірілді. 9 мың үйді су басқан. Мал атаулы жаппай қырылып қалған. Иркусткіде төтенше жағдай жарияланды.

Хабар 24 телеарнасы