384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда дамба жарылып, 6 адам мерт болды

  • 122
  • UPD: 22:46, 03.07.2019
Үндістанда дамба жарылып, 6 адам мерт болды

Үндістанның Махараштра штатында дамба жарылып, 6 адам опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

18-і ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Мұнда да апатқа толассыз жауған жауын себеп. Бөгетті жырып кеткен су жолындағы 12 үйді шайып кетті. Өзен бойындағы 7 ауылға су кірген. Қазір оқиға орнында төтенше жағдай қызметкерлері, дәрігерлер мен еріктілер тобы жұмыс істеп жатыр. Жалпы бұл аймақта жаңбыр өткен жексенбіден бері басылмай тұр. Соның салдарынан 30-ға жуық адам көз жұмған.

Хабар 24 телеарнасы