384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Давид Сассоли Еуропарламент Президенті қызметіне сайланды

  • 151
  • UPD: 10:42, 04.07.2019

Еуропалық парламенттің жаңа басшысы болып Давид Сассоли сайланды. Италиялық социал-демократ үшін сайлаудың екінші кезеңінде 345 депутат дауыс берген.

Бұрын журналист болған Давид Сассоли 2009 жылдан бері еуродепутат лауазымын атқарып келеді. Кезінде вице-спикер болған ол көлік пен туризм салаларын дамыту мәселелерімен айналысқан. Сайлау барысында екінші орынды чехиялық консерватор Ян Захрадил, ал үшінші орынды Германиялық жасылдар партиясының өкілі Ска Келлер иеленген. Ал ең аз дауысты солшыл көзқарастағы Испаниялық депутат Сира Рего жинаған.

Хабар 24 телеарнасы