384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Минскіде отшашу кезінде әйел адам қаза тапты

  • 156
  • UPD: 11:00, 04.07.2019
Минскіде отшашу кезінде әйел адам қаза тапты

Минскіде ел тәуелсіздігі күніне орай атылған мерекелік отшашу кезінде бір әйелдің қаза табу фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.

Бұл туралы БЕЛТА Тергеу комитетіне сілтеме жасап хабарлады.

«Отшашуды Свислочь өзенінің жағалауында тамашалап тұрғанында жарақат алған 1955 жылғы әйелге дер кезінде көмек көрсетілгенімен оны аман алып қалу мүмкін болмады», - деп мәлімдеді Тергеу комитеті.

Қорғаныс министрлігінің дерегі бойынша отшашу кезінде төрт адам зардап шеккен. Ведомство хабарлауынша, «отшашу кезінде қолданылған зарядтар бұдан бұрын да пайдаланылған».

Қорғаныс министрлігі мен Тергеу комитетінен құралған комиссия Минскіде отшашу болған кезде азаматтардың жарақат алу себебін анықтап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы