384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда лаңкестік жарылыстан 3 адам қаза тапты

  • 144
  • UPD: 11:31, 04.07.2019
Сирияда лаңкестік жарылыстан 3 адам қаза тапты

Сирияның  оңтүстік шығысындағы Эс-Сувейда қаласында жарылыс болды.

Халық көп жүретін көшелердің бірінде мина қойылған мотоцикл жарылып, 3 азамат көз жұмды. Тағы 7 адам түрлі жарақат алды. Әзірге бұл шабуылға кімнің жауапты екені белгісіз. Ешбір ұйым оны өз мойнына алған жоқ. Айта кетсек, бұл осы жылы Эс-Сувейдада орын алған бірінші теракт.

Хабар 24 телеарнасы