386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британияда қар барысының мәулендері дүниеге келді

  • 303
  • UPD: 12:57, 04.07.2019

Ұлыбританиядағы Кент графтығында тұңғыш рет қар барысының мәулендері дүниеге келді.

Тәлімбаққа келушілер ілбістің қос күшігін көре алады. Тәлімбақтың күтушісі Брайони Смиттің айтуынша, барыстың мәулендері қазір салмақ қосып, ширап қалды. Бірі белсенділігімен көзге түссе, екіншісінің мінезі салмақтырақ дейді ол. Айта кетерлігі, бұл жерде жойылудың алдында тұрған жануарлардың тәлімбағы ашылған. Сирек жануарларды қорғау бағдарламасы бойынша ашылған тәлімбақ қызыл кітапқа енгізілген жануарларды көбейтуді көздеп отыр. Оның ішінде қар барысы да бар.

Хабар 24 телеарнасы