388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда дамба жарылысынан қаза тапқандар саны артты

  • 251
  • UPD: 14:33, 04.07.2019
Үндістанда дамба жарылысынан қаза тапқандар саны артты

Үндістанның Махараштра штатындағы дамба жарылысынан көз жұмғандардың саны артып барады.

Қазіргі уақытта қайтыс болғандар саны 11 адамға жетті. Тағы 13 азамат із-түзсіз жоғалып кеткен. Осыған байланысты құтқару-іздестіру жұмыстарына жедел әрекет ету тобы жұмылдырылды. Естеріңізге сала кетсек, кеше аталған аймақта нөсер жаңбыр салдарынан бөгет жарылған еді. Сөйтіп, қарқыны қатты су жолындағы 12 үйді шайып кеткен болатын. Бұған қоса, өзен бойындағы 7 ауыл су астында қалды.

Хабар 24 телеарнасы