389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ Италияға санкция салмайтын болды

  • 245
  • UPD: 15:22, 04.07.2019
Еуроодақ Италияға санкция салмайтын болды

Еурокомиссия Италияның бюджеттік ережелерді бұзғаны үшін санкция салудан бас тартты.

Бұл туралы экономика және қаржы жөніндегі еурокомиссар Пьер МосковисИ мәлімдеді. Бірнеше күн бұрын Рим елдің жылдық бюджет тапшылығын 7,6 миллиард долларға қысқартуға мүмкіндік беретін шараларды мақұлдаған болатын. Осылайша Италияның тапшылығы жалпы ішкі өнімнің 2 процентін құрайды деп күтілуде. Бұл көктемгі болжамдармен салыстырғанда шамамен 1,5 процентке аз. Енді Италия 15 қазанға дейін Еурокомиссияға 2020 жылға арналған бюджетті ұсынуы тиіс.

Пьер Московиси, экономика және қаржы жөніндегі еурокомиссар: 

- Еурокомиссия шамадан тыс тапшылық процедурасына негізделген Италияның қарызы қазіргі уақытта нақты емес деген шешімге келді. Мен оны келесі аптада өтетін Еурокомиссия отырысында толық түсіндіремін. Және онымен одаққа мүше елдердің қаржы министрлері келіседі деп үміттенемін. Бұл істің осымен аяқталатынын білдіреді ме? Әрине жоқ. Бізге ағымдағы жылдың екінші жартысында Италия бюджетінің қалай атқарылатынын жіті назарда ұстауымыз қажет болады.

Хабар 24 телеарнасы