384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияның оңтүстігіндегі су тасқынынан бір адам көз жұмды

  • 155
  • UPD: 07:14, 05.07.2019
Жапонияның оңтүстігіндегі су тасқынынан бір адам көз жұмды ria.ru

Жапонияның оңтүстігіндегі тасқын судан бір адам көз жұмды. Үш адам зардап шекті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізге салсақ, толассыз жауған нөсер жаңбырдың салдарынан Жапонияның бірнеше аймағында төтенше жағдай жарияланды. Кюсю аралынан миллионға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Синоптиктер болса, нөсердің соңы сел көшкініне ұласа ма деп қауіптеніп отыр. Өткен жұмадан бері тоқтаусыз жауған жауын-шашын мөлшері мың миллиметрден асты. Бұл шілде айына тиесілі орташа көрсеткіштен екі есе жоғары.

Хабар 24 телеарнасы