384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та 45 мың бөшке виски сақталған қойма өртеніп кетті

  • 415
  • UPD: 08:36, 05.07.2019
АҚШ-та 45 мың бөшке виски сақталған қойма өртеніп кетті theaustralian.com.au

АҚШ-тың Кентукки штатында 45 мың бөшке виски сақталған қойма өртеніп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл 7 миллионнан аса литр. Болжамдарға сай, өрттің басталуына қоймаға найзағайдың түсуі себепші болған. Төтенше жағдай сәрсенбіге қараған түні арақ-шарап сақталған екі қоймада болды. Компания өкілдерінің айтуынша, виски енді ғана сақталуға қойылған. Сондықтан қоймадағы алапат өрт алкогольді ішімдіктің тапшылығына әсер етпейді.

Хабар 24 телеарнасы