389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гибралтар билігі Панама туымен жүзетін Грэйс 1 танкерін тоқтатты

  • 302
  • UPD: 12:22, 05.07.2019
Гибралтар билігі Панама туымен жүзетін Грэйс 1 танкерін тоқтатты golos-ameriki.ru

Ұлыбритания құзырындағы Гибралтар билігі Панама туымен жүзетін Грэйс 1 танкерін тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әкімшіліктен хабарлағандай, аталған танкер Сирияға жасырын түрде мұнай тасымалдаған. Мұндай операцияға санкция салынғандықтан, танкердің іс-қимылы заңсыз деп танылып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, Сирияға қарсы санкциялар 2011 және 2014 жылдары екі мәрте күшейтілген болатын. Атап айтқанда, Еуропа елдерінің Сириямен сауда қатынасын жүргізуге, әсіресе мұнай саудасын қыздыруға тыйым салынған болатын. Бұдан бөлек, Сирия билігіне, оның ішінде президенті Башар Асад пен оның отбасы мүшелері қара тізімге енгізіліп, шетелде қаржы операциясын іске асыруға жол кесілген.

Хабар 24 телеарнасы