383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексика үкіметі заңсыз миграциямен күресті күшейтті

  • 166
  • UPD: 12:31, 05.07.2019
Мексика үкіметі заңсыз миграциямен күресті күшейтті

Мексиканың ұлттық гвардиясы Сучьяте өзенінің бойына күзет қойып, оңтүстік шекарадан ағылған келімсектерді қолға түсіруде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғашқы күннің өзінде елдің ішкі әскері Гватемала жақтан шекараны заңсыз өтпек болған 20 Бангладеш азаматын және жүзге жуық Орталық Америка тұрғындарын қолға түсірді.

Осылайша, Мексика үкіметі заңсыз миграциямен күресті күшейтіп отыр. Бұған АҚШ президентінің «сауда тарифін көтеремін» деп сес көрсетуі себеп болды.

Естеріңізге сала кетсек, мамыр айында Дональд Трамп Мексикадан импортталатын тауарға баж салығын бес процентке көтеретінін ескерткен. Ақ үй басщысы Мексика билігі мигранттар легін тоқтатпаса, тарифті ай сайын 5% көтере беретінін қадап айтқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы