389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Калифорниялық өнертапқыш науқас қарияларды емдейтін ойыншық жасап шығарды

  • 256
  • UPD: 12:43, 05.07.2019
Калифорниялық өнертапқыш науқас қарияларды емдейтін ойыншық жасап шығарды

Науқас қарияларды емдейтін терапиялық ойыншық. Калифорниялық өнертапқыш Альцгеймер және деменция дертіне шалдыққандарға арнап робот-күшікті жасап шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Томбот деп аталатын жасанды күшік айтарлықтай күтімді қажет етпейді. Батарея қуатымен жұмыс жасайтын робот құдды бір нағыз күшік сияқты қимылдап, қариялардың көңілін аулайды. Том Стивенске бұл ой өз анасы ауыр дертке ұшыраған кезде келген. Оның айтуынша, Альцгеймермен сырқаттанған анасы сүйікті күшігін күте алмай, басқа біреуге беруге мәжбүр болған. Сол кезде анасының қатты қиналғанын көріп, Том жасанды сырт пішіні кәдімгі иттен айнымайтын ойыншық жасауды ұйғарады.

Хабар 24 телеарнасы