384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гондурас жағалауында кеме апатынан 26 адам қаза тапты

  • 167
  • UPD: 14:14, 05.07.2019
Гондурас жағалауында кеме апатынан 26 адам қаза тапты

Гондурас жағалауының маңында болған кеме апатында 26 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдын ала мәлімет бойынша суға кеткен «Капитан Уолли» кемесінен 47 адам құтқарылды. Балықшылар Грасиас-а-Диос департаментінің маңында лангустерді аулауға шыққан болатын. Апатқа қатты жел мен ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін деген болжам бар.

Хабар 24 телеарнасы