389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ: Венесуэлада жастарды азаптап, өлтіру дерегі тіркелді

  • 309
  • UPD: 14:26, 05.07.2019
БҰҰ: Венесуэлада жастарды азаптап, өлтіру дерегі тіркелді

Венесуэлада өмір сұру қауіпті. Мұндағы жастар тұтқындалып, азапталып, тіпті өлтірілуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

БҰҰ баяндамасында осылай делінген. Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, Венесуэла билігі оппозиция қозғалысты басу үшін осындай қадамға баратын көрінеді. Тек былтырдың өзінде 5287 адам тергеу жұмыстары толық аяқталмай жатып, өлім жазасына кесілген. Биылғы жылдың қаңтары мен мамыр айының аралығында осындай1569 дерек тіркелді.

Естеріңізге сала кетсек, елдегі жағдай қаңтардың 23-інен кейін ушыға түсті. Оппозиция басшысы Хуан Гуаидо өзін өзі елдің уақытша президенті ретінде жариялады. Бірқатар Батыс Еуропа елдері оны мойындағанымен, Венесуэланың қазіргі президенті Николас Мадуро билік тізгінін әлі де берік ұстап отыр.

Хабар 24 телеарнасы