389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэла оппозициясы Мадуромен әріптестік орнатуға дайын

  • 280
  • UPD: 14:30, 05.07.2019
Венесуэла оппозициясы Мадуромен әріптестік орнатуға дайын

Венесуэланың оппозиция басшысы Хуан Гуаидо президент Николас Мадуромен келіссөздер жүргізуге дайын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ ол Ресеймен байланыс орнатуға әзірлігін білдірді. Елдегі саяси дағдарыстан шығар жолды табу мақсатында Хуан Гуаидо осындай қадамға баратынын мәлімдеді. Сондай-ақ саясаткер Боливариандық республикада демократиялық сайлау өткізу қажеттін айтады. Сайлау өткен жағдайда оған өзі де түсетінін жеткізді. Алайда сайлау процесін халықаралық бақылаушылар қадағалауы тиіс. Оппозиция басшысы былтыр өткен президенттік сайлау қорытындысына көңілі толмағандықтан осындай шарт қойып отыр.

Хабар 24 телеарнасы