383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстанда жер сілкінді

  • 210
  • UPD: 21:34, 05.07.2019
Қырғызстанда жер сілкінді

Қырғызстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы сейсмология институтының ақпарынша жер дүмпулері таңғы сағат 5:12 де Ыстықкөл облысында тіркелген.

Оның қуаты 4,6 балды құрады. Жер сілкінісінің ошағы Май-Саз ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 20 шақырым, Каракол қаласынан 50 шақырымдай жерде болған. Бұл Ыстықкөл облысының әкімішілік орталығы. Десе де, жақын маңдағы ауылдарға жер дүмпуі қатты сезілмеген. Айта кетейік, қазір Ыстықкөл облысында туристік маусым қызып тұр. Шетелдік қонақтардың ағыны күтілуде. Оның ішінде Қазақстан азаматтары да бар. Жергілікті ТЖД мәліметінше жерсілкінісінен зардап шеккендер жоқ.

Хабар 24 телеарнасы