389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Audi көлік ведомствосын алдап келген

  • 269
Audi көлік ведомствосын алдап келген

Audi компаниясы Германияның федералды автокөлік ведомствосын 2 жыл бойы алдап келген.

Прокуратура қызметкерлерінің мәлімдеуінше, аталған компания Еуропада дизельді көліктерден ауаға бөлінетін газ мөлшерінің ауқымын жасырған. Сондай-ақ ол құжаттар жасауда қулыққа барыпты. Енді осыған байланысты прокуратура Audi басшысы Руперт Штадлерді айыптап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Volkswagen концерні «Дизель дауына» іліккен еді. Оған сай Америка үкіметі 500 мыңға жуық жеңіл көлікті кері қайтарып алуды талап еткен болатын. Себебі көліктерге ауадан бөлінетін газ көрсеткішін аз етіп көрсететін бағдарламалық қамсыздандыру орнатылған.

Хабар 24 телеарнасы