389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейлік ғалымдар Охот теңізіне 8 китті еркіндікке жіберді

  • 249
Ресейлік ғалымдар Охот теңізіне 8 китті еркіндікке жіберді

Олардың алтауы белуха болса, екеуі касатка.

Бұған дейін сүтқоректі жануарлар Қиыр Шығыстағы «Белый кит» компаниясының қарауында болған. Олар қызыл кітапқа енген касаткаларды Қытайға сатуды көздепті. Бұл жағдай Greenpeace-тің наразылығын тудырған. Кейін аталған іске Кремль араласып, Ресей президенті Владимир Путин теңіз жануарлары мәселесін оң шешуді тапсырды. Енді шілде айында тағы бірнеше белуха мен касатка Приморье аймағына жіберілуі тиіс. Бүкілресейлік Балық шаруашылығы мен мұхиттану ғылыми-зерттеу институты директоры Кирилл Колочиннің айтуынша, мамандар касаткаларға радиомаяк орнатқан. Және қазіргі таңда олар жабайы табиғатқа толықтай бейімделіп үлгеріпті.

Хабар 24 телеарнасы