389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аляскада бұрын-соңды болмаған ыстық ауа райы тіркелді

  • 354
Аляскада бұрын-соңды болмаған ыстық ауа райы тіркелді Ридус

Аляска штатының бірқатар ауданында бұрын-соңды болмаған рекордтық жоғары температура тіркелді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

АҚШ-тың Ұлттық метеорологиялық қызметінің мәліметінше, 4 шілдеде Аляскадағы ірі қала Анкоридждағы температура 32,2 градусқа дейін көтерілген. Оның алдындағы ең жоғары көрсеткіш 1969 жылдың маусымында тіркелген, ол кезде ауа температурасы 29,4 градусқа жеткен. Сондай-ақ Кенай елді мекендерінде күн 31,6 градусқа дейін ысыған, мұның алдындағы рекорд 1903 және 1953 жылдары маусымда болған – 30,5 градус, сондай-ақ Кинг-Салмонда 31,6 градус (1953 жылғы маусымда 31,1 градус) рекордтық температура тіркелген. 

Синоптиктердің болжамынша, Алясканың оңтүстік аудандарында демалыс күндері ыстық сақталады.

Хабар 24 телеарнасы