384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилия астанасын көшіру елдің қаржылық саласын жандандырды - саясаттанушы

  • 356
  • UPD: 21:33, 06.07.2019

Бразилия саясаткерлері де ел астанасын ауыстыруды XIX ғасырдан бастап ойластырып келген.

Сол кезден-ақ сарапшылар елдегі геосаяси теңгерімге алаңдаған. Бүкіл әлемге әйгілі шаһар – Рио-де-Жанейрода туризм саласы жақсы дамыған. Алайда халық тығыз қоныстанған қаланың өзекті мәселелерін шешуге туризмнен түсетін табыс жетпейтін.

Бразилия астанасын осыдан жарты ғасыр бұрын ауыстырған. Алайда бұл жөнінде 200 жыл бұрын жоспарлаған. Бұрынғы астанасы Рио-де-Жанейрода халық саны тым көбейді. Қала маңы жөн-жосықсыз салынған лашықтарға толды. Ол аудандарда қылмыстық топтар пайда болып, астана жұртының үрейін ұшырды. Жалпы дамуды тежеді. Cондықтан елдің саяси орталығын ауыстыру туралы шешімі қабылданды. Әлгі шешім ел экономикасына бірден әсер етті. Миграция да жөнге келіп, Бразилияны толғандырған ең өзекті мәселелердің бірі реттелді.

Харви Лунас, саясаттанушы:

- Саясаткерлер Риодан Бразилиаға астананы ауыстыру ел экономикасы мен ішкі әлеуетінің дамуына әкелетініне үміттенген. «Бразилияның пилоттық жоспары» деп аталған бағдарлама қабылданған болатын.

Жуэло Морис, Бразилиа тұрғыны:

- Мен Бразилияның жаңа астанасында дүниеге келдім, сонда өстім. Бірнеше мәрте Риода да болғанмын, сол себептен мұнда өмір сүру қолайлы деп зор сеніммен айта аламын. Рио бірнеше есе үлкен, халық саны көп, өзіңді ыңғайсыз сезінесің. Күн батқан соң көшеге шығу қауіпті. Астанамыз көлемі жағынан кіші болғанымен, экономика мен инновациялардың басым бөлігі осында шоғырланған.

Саяси және әскери себептермен қатар билік инвестициялық қорлардың да кеңесіне құлақ асып, ел астанасын көшіртуді ұйғарған. Қаржыгерлер жаңа астанада ақша айналымы табысты жүреді деп санаған екен. Расында да бұл Бразиялының қаржылық саласын жандандырды.

Авторлары: Анна Орлова, Герберт Рейз

Хабар 24 телеарнасы