389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда көліктегі бомбаның жарылуынан 12 адам қаза тапты

  • 343
  • UPD: 14:55, 07.07.2019
Ауғанстанда көліктегі бомбаның жарылуынан 12 адам қаза тапты

Ауғанстандағы жарылыстан 12 адам қаза тауып, 43 адам жараланды.

Қайғылы оқиға Газни провинциясының орталығы саналатын Газни қаласында болған.

Агенттіктің xабарлауынша, Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік директораты ғимаратының алдында автомобиль жарылған. Қаза тапқандардың сегізі қауіпсіздік қызметкерлері, тағы төртеуі бейбіт тұрғындар. Ал зардап шеккендердің көпшілігі мектеп оқушылары. Олардың жағдайы туралы ақпарат аз. Лаңкестікке жауапкершілікті әзірге өңірдегі террорлық ұйымдардың ешбірі мойнына алған жоқ.

Pajhwok

Хабар 24 телеарнасы