389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда автобус апатынан 29 адам қаза тапты

  • 215
  • UPD: 19:39, 08.07.2019
Үндістанда автобус апатынан 29 адам қаза тапты

Үндістанның Агра қаласындағы күре жолда автобус аударылды. Салдарынан 29 адам қаза тапты.

Тағы бірнеше азамат жараланған. Қазір олар ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілуде. Алдын ала деректер бойынша жүргізуші көлік тізгінінде болып, ұйықтап кеткен. Салдарынан 40 жолаушысы бар автобус 5 метр биіктіктен каналға құлаған. Қазіргі таңда оқиға орнында құтқару операциясы жүріп жатыр. Ал жергілікті билік көлік апатынан бақилық болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтты.

Хабар 24 телеарнасы