389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран уран байыту деңгейін ұлғайтты

  • 345
  • UPD: 20:24, 08.07.2019

Иран уәдесінде тұрып, уран байыту деңгейін 4,5 процентке ұлғайтты. Бұл туралы Иранның атом энергиясы ұйымының ресми өкілі мәлімдеді.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Арагчидің айтуынша, Тегеран осылайша ядролық келісімге байланысты өз міндеттемелерін орындауды уақытша тоқтатады. Ел билігі алдағы 60 күн ішінде еуропалықтармен ортақ мәмілеге келе алмаған жағдайда аталған келісімнің аясын тағы да қысқартатынын ескертіп отыр. Яғни Тегеран уран байыту деңгейін 20 проценттен асыруға бел бууы мүмкін. Айта кетсек, 2015 жылы қол қойылған ядролық келісімге сәйкес, Иран 15 жыл бойы уран байыту деңгейін 3,67 процент шамасында ұстауы тиіс болатын. Және шикізат қоры 300 келіден аспауы керек еді.

Хабар 24 телеарнасы