384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңа премьер-министр Грекияны дағдарыстан шығаруға уәде берді

  • 153
  • UPD: 20:53, 08.07.2019
Жаңа премьер-министр Грекияны дағдарыстан шығаруға уәде берді

Грекияда мерзімінен бұрын өткізілген сайлауда «Жаңа демократия» консервативті оппозициялық партиясы жеңіске жетті.

Олар дауыстың 40 процентін иемденген. Демек, енді «Жаңа демократияның» үкіметті құруға мүмкіндігі бар. Оппозицияның көшбасшысы Кириакос Мицотакис сайлауалды науқанында берген уәделерін орындауға дайын екенін жеткізді. Ол салық көлемін төмендетіп, жаңа жұмыс орындарын ашып, инвестиция тартуды көздеп отыр.

Айта кетейік, Грекия соңғы он жылда қаржылай дағдарыстан шыға алмай келеді. Тіпті үш рет халықаралық қарыз берушілерге жүгінген.

Хабар 24 телеарнасы