384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мальта Alan Curdi кемесіндегі мигранттардың жағаға түсуіне рұқсат берді

  • 77
  • UPD: 21:18, 08.07.2019
Мальта Alan Curdi кемесіндегі мигранттардың жағаға түсуіне рұқсат берді

Мальта билігі Alan Kurdi неміс құтқару кемесіндегі мигранттарға жағаға түсуге рұқсат берді. Алайда оларды аралда орналастырмайтынын жеткізді.

Енді 65 босқыннан құралған топ Еурокомиссия және Германиямен жасалған келісімге сай, Еуропаның басқа елдеріне жіберіледі. Айта кетейік, өткен демалыс күндері тағы 58 мигрант патрульдік кеме көмегімен Мальтаның Валлетта портына жеткізілген еді. Оған босқындар мінген кеменің суға батуы себеп болған. Осыған байланысты Мальта премьер-министрі мәлімдеме жасап, мигранттардың жартысын Еуроодақ елдері қабылдайтынын айтқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы