389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Веронада шіліңгір шілдеде бұршақ жауды

  • 308
Веронада шіліңгір шілдеде бұршақ жауды SPUTNIK Беларусь

Италияның Верона қаласы бір мезетте қыс кейпіне енді.

Қалада шіліңгір шілдеге қарамай қатты бұршақ жауды. Сирек құбылысты көрген тұрғындар оны таспаға тартып, таң қалуда. Бейнежазбадан қаланың тар көшелерімен аққан жауын суын көруге болады. Өз кезегінде бұған дейін ел билігі солтүстік аймақтарда ауа райының күрт бұзылуы мүмкін екенін ескерткен еді.

Хабар 24 телеарнасы