384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркиялық студенттер ереуілге шықты

  • 165
Түркиялық студенттер ереуілге шықты ANF

Түркияның Анкара қаласында студенттер ереуілге шықты.

Жастар білім алып жүрген университеттің аумағындағы ағаштардың кесілуіне қарсы. Жоспар бойынша, ол жерде жатақхана салынуы тиіс еді. Наразылардың айтуынша, құрылыс жұмыстарының басталуына арнайы лицензия жоқ. Ереуіл тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты. Жиналған жұртты тарату үшін полиция көз жасаурататын газ қолданды. Ал жағдайды анықтау үшін университет аумағына келген жергілікті муниципалитет өкілдеріне білім ордасының аумағына кіруге ректор рұқсат бермеген.

Хабар 24 телеарнасы