384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зеленский Путинді бір үстел басында кездесуге шақырды

  • 166
  • UPD: 09:27, 09.07.2019
Зеленский Путинді бір үстел басында кездесуге шақырды

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинді  жаңа форматта кездесу өткізуге шақырды.

Жиынға Батыс елдерінің басшылары да қатысуы керек деп отыр. Бұл туралы Зеленский өзінің ресми сайтында жариялаған бейне-үндеуінде айтты. 

Айта кетейік, бұған дейін «Россия 24» және украиндық NewsOne телеарналары бірігіп ел тұрғындары арасында диалог ұйымдастыру мақсатында телекөпір өткізілетінін хабарлаған болатын. Бастама саяси тұрғыдағы сыни пікірлерге байланысты өтпейтін болды.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

– Сөйлесу керек болса, сөйлесейік. Қырымның кімге тиесілі екенін, Донбасста кімдердің жоқтығын талқылайық. Кездесуге мен, сіз, Владимир Путин, АҚШ президенті Дональд Трамп, Ұлыбритания премьері Тереза Мэй, Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Эммануэль Макрондар келсе деген ұсыныс бар. Өтетін орны? Меніңше, Александр Григорьевич Лукашенко Минскіде бізді қуана қарсы алады.

Бұл шақыртуға Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков пікірін білдірді. Ұсынысты Мәскеудің қарастырып жатқанын айтты. Ал Беларусь президенті Александр Лукашенко Зеленскийдің бастамасын қолдайтынын жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы