384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Иранға қарсы санкцияларын тоқтатар емес

  • 320
АҚШ Иранға қарсы санкцияларын тоқтатар емес

Құрама Штаттары Иранға қарсы санкцияларды енді сала бастады.

АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон Вашингтонда өткен конференцияда осындай мәлімдеме жасады. Болтонның айтуынша, Дональд Трамп Иранмен ядролық бағдарлама бойынша жаңа келісім жасасуды мақсат етіп отыр.

Айта кетейік, осыған дейін тараптар арасында өткен келіссөздер еш нәтиже берген жоқ. Ал жуырда Иран уран байыту деңгейін 3,67 процентке ұлғайтты. Тегеран осылайша ядролық келісімге байланысты өз міндеттемелерін орындауды уақытша тоқтатып отыр.

Хабар 24 телеарнасы