Alan Kurdi кемесінің экипажы Жерорта теңізінде 44 мигранттың өмірін аман алып қалды.
Құтқару операциясына Мальта билігі жәрдемдескен. Жағалауға аман-есен жеткен мигранттар Еуропа елдеріне таратылады.
Айта кетейік, теңіз арқылы шекара аспақ болған келімсектер жиі апатқа ұшырап, су астына кетеді. БҰҰ-ның босқындар жөніндегі жоғарғы комиссарының мәліметі бойынша, әрбір 45 босқын теңізде қайтыс болады. Осылайша өткен жылы 2 мың 277 адам суға батса, биылдың өзінде 584 мигрант Жерорта теңізінде опат болды.